Алматы. 10 маусым. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Домбра жасау шеберлігінің «Аңыз домбыра» байқауының жеңімпазы Т700 мың жүлде алады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Бүгін бізде музыкалық аспаптар жасау шеберлігінен алғашқы республикалық конкурс өтеді. Байқау шарты бойынша, әр шебер өздері қолмен жасаған екі домбра үлгісін әкеледі. Бізде дәстүрлі аспаптық музыкамызда екі үлкен бағыт – шертпе күй және төкпе күй бағыттары бар», - деді Ыхлас ат. музыкалық халық аспаптары мұражайының жетекшісі Ұлжан Байбосынова жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол, байқаудың негізгі мақсаты домбыраның ерекше үнін іздестіру болып табылатынын атап өтті.
«Төрешілер домбыраның үніне ерекше назар аударады, қазақтарда қоңыр дауыс (төменгі дыбыс шыкаратын – ҚазТАГ) деген болады, қазір біз сол ерте заманда болған домбра үнін іздестіріп жатырмыз. Байқаудың негізгі мақсаты осы. Біз домбраның қандай ерекше материалдан жасалғанына назар аудармаймыз. Ең бастысы – дыбысы», - деді Ұ. Байбосынова.
Байқауға 65 адам қатысуда. Бұл ретте олардың ең жасы – 20-да босла, ең егдесінің жасы 70-те.
«Біз жас жағынан шектеу қоймадық, себебі бұл - өнер, шеберлік жас ұлғая келеді», - деді мұражай жетекшісі.
Конкурс аясында 9 жүлде тағайындалды: 1 гран-при, 2 бірінші орын, 2 екінші орын және 4 үшінші орын. Жеңімпаз ақшалай Т700 мың сыйлық алады, бірінші орын үшін Т350 мың, әрқайсына, екінші орынға Т300 мың, әр үшінші орын алғандар – Т250 мың, әрқайсына.
Бұл ретте байқау шарты бойынша, жүлде алған аспаптарды мұражай сатып алады.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45