Домбыра күйі мен киіз үй ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізімін толықтырды

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Күй орындау мәдениеті мен киіз үй тігу машығы адамзаттың материалдық емес мұрасының тізіміне енді, деп хабарлады Біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) бөлімінің баспасөз қызметінен.
«Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитет адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне он жаңа элемент енгізді, оның ішінде «Қазақтың дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері (Қазақстан)», «Қырғыз және қазақ киіз үйлерін (түркі көшпенді халықтарының)дайындаудың дәстүрлі білімі мен машығы» (Қазақстан, Қырғызстан)», - делінген Ұйым сайтындағы хабарда.  
Сондай-ақ материалдық емес мұра тізіміне Хиос аралында (Греция) шайыр ағашын өсіруге қатысты білім мен ептілік; Пенжаб штатындағы (Үндістан) Джандиала Гуру қаласындағы тхатхера атты қоғам тобының (каста) жез бен мыстан асханалық керек-жарақ ыдыстар жасау дәстүрлі өндірісі; жүзім бұталарын тармақтанып қалыптастыру (vite ad alberello) (Италия); Корей Халықтық-Демократиялық Республикасының (КХДР) «Ариран» халық өлеңі; гвока: Гваделупаның (Франция) ерекше мәдени дәстүрі, биі, өлеңі мен музыкасы; Вырумаа уездіндегі (Эстония) қара монша дәстүрі;  чино биі (Чили) және дәстүрлі жапон қағазынан қолмен васи дайындау техноллогиясы (Жапония) енді.  
Адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізімі материалдық емес мұраның әркелкілігі мен оның бүкіл адамзат үшін маңыздылығын сезінуге септігін тигізетін элементтерін қамтиды.  

adimage