Дубай билігі жағажайларға баратындарға жаңа нұсқамалар шығарды

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Дубай билігі жағажайларға баратындарға жаңа нұсқамалар шығарды, деп мәлім етті ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игали.
«Дубай муниципалитеті әмірлік аумағындағы жағажайларға баратындар үшін бұзуға болмайтын 7 ереже шығарды. Атап айтқанда, бұрынғысынша, жағажайларда от жағуға болмайды, рұқсатсыз сауда жасауға, адамдарды суретке түсіруге болмайды», - деп жазды М.Игали Facebook-тегі өзінің парақшасында.
Одан басқа, Дубай билігі шомылтындардың барлығына өз заттарына ие болуды, оларды қараусыз тастамауды ұсынады және жағажайда жергілікті дәстүрге сай киімде ғана жүруге болатынын ескертеді. Бұл ретте киім үлгісі қандай болуы керектігі нақтыланбайды.
«Жағажайдан тыс жерде шомылатын киіммен жүруге тыйым салынады. Одан басқа, түнде жағажайда қалуға болмайды. Бұл ереже жұлдыз астында ұйықтағысы келетіндерге қатысты. Ережені бұзғандарға жауапкершілік қандай болатыны айтылмаған. Бірақ, әңгіме айыппұл және тіпті қылмыстық қудалау туралы болып отырғанын болжауға болады», - деп жазады М.Игали.

adimage