Джеки Чан Астанадағы қытай киносы фестивалін ашады

Күні: 18:27, 05-06-2017.

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ - 2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.   Фестивальдің арнайы қонағы - әлемдік кинематографияның жұлдызы, Қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан  болмақ, деп хабарлады  «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметінен.
  
Осы шарада  Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты  фильмін тарту етеді. Мұнда ол басты кейіпкер -  Джеки атты қытай археологын  сомдап шы

Бұл шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

"Казтелефильм" және "China film group" компаниялары көрермендерге соңғы жылдағы үздік қытай фильмдерін ұсынады. 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: