Джулиан Ассанждан жыныстық сипаттағы қылмыстық айыптаулар алынып тасталады

Күні: 15:08, 12-08-2015.

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанждан жыныстық сипаттағы қылмыстық айыптаулар ескіру мерзімі өтіп кетуі себепті алынып тасталады, деп хабарлады британиялық The Telegraph газеті.
«Швеция Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжға таққан төрт айыптың үшеуінің бес жылдық мерзімі келесі аптада аяқталады. Нәтижесінде Ассанж мырзадан ол айыптаулар алынып тасталады», - делінген сәрсенбі күнгі жарияланымда.
Бұл ретте Ұлыбританиының сыртқы істер министрі Хьюго Свайр жағдайды «өте ыңғайсыз және қымбат» деп бағалады.
Еске салсақ, шведтердің прокуратурасы Д. Ассандж 2010 жылы жазда Швецияның екі азаматшасына жыныстық сипаттағы қылмысқа барды деген айыппен қамауға алмақшы. Күдіктінің өзі болса, оны толығымен теріске шығарып отыр. Д. Ассанжды қамауға алу туралы Еуропалық ордер 2010 жылы 2 желтоқсанда берілген.  
Үш жылдан бері Д.Ассанж Ұлыбританиядағы Эквадо елшілігінің аумағында жасырынып жатыр. Оның адвокаттары егер Д. Асанжды АҚШ-қа экстрадицияласа онда ол ұзақ мерзімге түрмеге отыру, немесе мемлекеттік департамент құжаттарын рұқсатсыз жариялап, тыңшылық жасаған деп өлім жазасына кесілуі де мүмкін деп қауіптеніп отырғанын қадап айтты.
2014 жылы 25 маусымда Д. Асанж Қазақстан журналистер одағының 2014 жылғы сыйлығын алды. Оған «Журналистік зерттеу» атауында лауреат деген диплом жіберілді.


Жаңалықтармен бөлісу: