ЕАЭО әрекетінің алғашқы қорытындыларын келесі жылдың күзінде Қазақстанда шығаруға болады, деп санайды Нарышкин

Күні: 15:52, 24-11-2014.

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) әрекетінің алғашқы қорытындыларын келесі жылдың күзінде Қазақстанда шығаруға болады, деп санайды РФ федералды жиын мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкин.
«Еуразиялық экономикалық одақты заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша депутаттардың, сарапшылар мен кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстелдер үзбей өткізілсін. Біздің парламенттердің бастамасымен 2 жыл бұрын құрылған «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы туының астында осындай пікірталастар ұйымдастырылсын», - деді С. Нарышкин дүйсенбі күні ҚР Тұңғыш президент күніне арналған «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясында.
«Еуразиялық интеграциядағы Қазақстанның елеулі үлесін ескере отырып, алдын ала келісіп алғанымыздай, келесі жылдың күзінде сіздің қонақжай жеріңізде Еуразиялық экономикалық одақ әрекетінің алғашқы қорытындыларын талқылауды өткізу маңызды болған болар еді», - деп толықтырды РФ мемдума спикері.
Еске сала кетейік, РФ мемдумасының спикер Сергей Нарышкин жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр. Хабарланғандай, мемдума спикері «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясына қатысқан, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: