Екі қазақстандық Кабулдағы жарылыстан зардап шекті

Күні: 16:35, 31-05-2017.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Екі қазақстандық абулдағы жарыыстан зарап шекті, деп хабарлады ҚР сыртқы істер мнистрлігі  баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнаков.
«Бүгін Кабулдың орталық бөлігінде орын алған қуатты жарылыс салдарынан Қазақстанның 2 азаматы зардап шекті. Олар жарылыс орын алған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан қонақ үйде болған. 1982 жылы дүниеге келген олардың бірінің басын, ал 1991 жылы дүниеге келген екіншісінің аяғын терезе әйнегінің сынықтары жарақаттаған», - деп жазған  А.Жайнаков сәрсенбіде өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Бұл ретте атап өтілгендей, оларға медициналық көмек көрсетті және қазір қауіпсіз жерде. Екі азаматпен де қазақстандық дипломаттар тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек беруде.
«Сонымен қатар, жарылыс салдарынан Қазақстанның Кабулдағы Елшілігіне де зақым келіп, терезелері сынған. Жарылыс Елшіліктен 1,5-2 шақырым жерде болған. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар жарылыстан зардап шеккен Қазақстанның басқа да азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Қала жабық», - деді А.Жайнаков.
Ауғанстан астанасында жүрген барлық отандастарымызға қалада қауіпсіздік шараларын сақтауды, өздерінің жағдайларын туыстарына ескертіп, қажет болған жағдайда Ауғанстандағы Қазақсанның консулымен мына «қауырт желі» телефон нөмірімен  +93-747- 250-343 (WhatsApp) хабарласуды өтінеді.  
Еске салсақ, бүгін жергілікті уақыт сағат 8.30-да шетелдік елшілік пен президент сарайынан қашық емес жерде Кабулдың орталық бөлігінде мина қойлыған көлік жарылды. Соңғы ақпар бойынша 90 адам қаза тапқан, жараланғандар саны 380-нен асты. Қаланың орталық алаңын полицейлер қоршауға алды.
Әзірге ешкім жарылыс үшін өзіне жауапкершілік алмады.  


Жаңалықтармен бөлісу: