Екібастұзда ойыншық өндірісі жолға қойылды

Күні: 15:38, 10-03-2016.

Павлодар. 10 наурыз. ҚазТАГ – Екібастұзда ойыншық өндірісі жолға қойылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
Хабарда айтылғандай, кәсіпкер Динара Айтжанованың жобасы «Бизнестің жол картасы -2020» желісі бойынша «Даму» қорының қолдауына ие болды.  
«Біз матадан жасалған қуыршақтар мен дамытушы шаршылар өндірісін бастадық. Онымен қоса қыздарға арналған шашқа тағатын, шығаршамышылыққа қажетті  бұйымдарды да қолға алдық.  Өндірістік көлемдегі қол жұмысы. Қазір оның барлығы Қытайдан жеткізіліп жатыр», - деді кәсіпорын басшысы  Д.Айтжанова.
Оның айтуынша, дизайнды цех қызметкерлері өздері әзірлейді. Матадан жасалған қуыршақтың бейнесі әлемге танымал «Тильдаға» жақын. Алайда материалы мен ішіне салынатындары таза табиғи, бояғышсыз. Қуыршақтардың көлемі де, түстері де әр түрлі.  
Штатын білікті мамандармен толықтыру үшін кәсіпорын басшысы Екібастұз қаласының тігін училищесімен дуальды оқыту туралы шарт жасаған.
«Сәуірде біздің кәсіпорынға тәжірибеден өту үшін студенттер келеді, олады үйретеміз. Белгілі болғандай, тігін өнеркәсібінде мамандар жағы тапшы», - дейді Д.Айтжанова


Жаңалықтармен бөлісу: