Эквадор ОПЕК елдерінің ішінде ең бірінші болып мұнайды шығынмен өндіре бастады

Алматы. 27 тамыз. ҚазТАГ – Эквадор Мұнай экспорттаушы  елдер ұйымы (ОПЕК)  елдерінің ішінде ең бірінші болып мұнайды шығынмен өндіре бастады – ол мемлекет мұнайдың баррелін $30-дан сатуда, ал оны өндірудің сондағы өзіндік құны $39, деп жазады РБК.
Мұнайды сату бағасы оны өндіру шығынан төмендігі туралы Эквадордың президенті Рафаэль Корреа мәлім етті. Ол биылғы жыл мұнай бағасының арзандауынан ел экономикасы үшін өте ауыр жыл болғанын атап өтті.
Р.Корреа мәлімдемесі ОПЕК-тің бірнеше мүшесі, олардың ішінде Ливия мен Алжир, ұйым өкілдерінің мұнай бағасының құлдырауы жағдайындағы іс-қимылдарды талқылау үшін шұғыл кездесу өткізу керектігі туралы мәлімдемесінен кейін болып отыр.
ОПЕК көшбасындағы Сауд Арабиясы Алжир, Ливия мен Венесуэла өкілдерінен шұғыл кездесу өткізу керек деген мәлімдемесіне ешқандай шырай танытпады. Әзірге мұнай экспорттаушы елдер өкілдерінің кезекті кездесуі биылғы 4 желтоқсанға Венада өтеді деп жоспарланған.
Эквадор ОПЕК елдерінің ішінде мұнай өндірісінің көлемі жағынан соңынан жоғары екінші орында тұр – шілдеде күндегі мұнай өндіру көлемі 538 мың баррель болды. Осы елде өндірілетін Oriente маркалы мұнай бағасы 26 тамызға барреліне $36,67 болған (Brent маркалы – $43,27).
Мұнай бағасының арзандауына қарамай шілдеде мұнай өндірісі соңғы үш жылдағы максимумына жетті. ОПЕК-тегі 12 елдің тәулік бойына өндірген мұнай көлемі шілдеде 100,7 мың баррельге жетті (31,5 млн баррельге дейін). Мұнай өндірісі негізінен Ирак, Ангола, Сауд Арабиясы мен Иранда болды.
24 тамызда Brent маркалы мұнай бағасы алты айдағы минимумына жетіп, барреліне $43-тен де арзандады. 27 тамыздағы фьючерс құны $43,64 болды.

adimage