Электрондық сигареттер никотинге тәуелділікті едәуір азайтады, деп есептейді сарапшылар

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ – Электродық сигареттер (ЭС) никотинге тәуелділікті едәуір азайтады, деп есептейді АҚШ-тағы Виргин университетінің темекі бұйымдарын зерттеу орталығының ғалымы Томас Айзенберг.
«Электрондық сигареттерді пайдаланатындарға қарағанда никотині бар резинкаларды шайнайтындарда никотинге тәуелділік жоғары болды.
Сондай-ақ біз ЭС пайдаланатындар мен кәдімгі темекі шегетіндердің мәліметтерін салыстыра отырып келесідей заңдылық анықтадық: электрондық сигареттер шегетіндердің никотинге тәуелділігі қарапайым темекі шегетіндердікіне қарағанда аздау екен», - деді Т.Айзенберг.
Бұл ретте ол ЭС қолданатындардың никотинге тәуелдігі құрамында никотині бар рәзіңке шайнайтындарға қарағанда, 2-3 айда едәуір азаяды дейді.  
Өз кезегінде Онасис Орталығының (Афины, Греция) кардиологиялық хирургия бойынша белді маманы Константинос Фарсалинос атап өткендей, АҚШ пен Еуропада 19,5 мың адамды қамти отырып жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, темекі шегетіндердің көбі темекіден электрондық сигареттер шегуінің арқасында бас тартыпты.  
«Біз респонденттердің 81% электрондық сигареттердің көмегімен темекі тастағанын көрдік. Бұл ретте кәдімгі темекі шегетіндер ЭС пайдалануының алғашқы айында-ақ темекіден бас тартты. Егер жер шарындағы темекі шегетіндердің  3% электрондық сигареттерге өтетін болса, онда алдағы 20 жылда 2 млн адамның өмірін құтқарып қалуға болар еді», - деді ол.  

adimage