Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ - Елена Рыбакина Токиодағы олимпиада ойындарының екінші матчында жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда. Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола медельді жеңіп алған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Экологиялық және санитариялық қағидаларды біріктіру орынсыз – Дүйсенова19 Наурыз 2024, 14:53
-
Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырында жарылыс болды19 Наурыз 2024, 12:05
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50