Елорда ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай медальдар табысталды

Күні: 09:40, 16-04-2015.

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай медальдар табысталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қзыметінен.

«Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай Бауыржан Момышұлы ескерткішінің алдында «Намыс тұғыры» атты патриоттық-танымдық шара өтті. Патриоттық шара барысында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Жеңіс күнінің қарсаңында елордалық ардагерлерге медальдер табыстап, бақилық болған отан қорғаушыларды бір сәт еске алып, Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өмірден озған майдангерлердің рухтарына тағзым етті», - делінген әкімдік сайтындағы хабарда.

Шараға ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ өкілдері мен жас белсенділер, қала тұрғындары қатысты.

"Намыс тұғыры» акциясы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері сахналық көріністер қойып, жас әншілер соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.


Жаңалықтармен бөлісу: