Елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумынан ГРАН-ПРИ жүлдесімен оралды

Күні: 10:05, 10-12-2015.

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XIII Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумынан ГРАН-ПРИ жүлдесімен оралды, деп хабарлады театрдың ақпараттық орталығынан.
«2015 жылдың 29 қарашасы мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында XIII Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумы өтті», - делінген театр хабарында. Аталмыш форумға Ресейлік театрлардан тыс Сербия, Болгария, Қазақстан, т.б. шет елдік театрлар қатысты. Форумның комиссия мүшелері бір жылдың көлемінде жүзге жуық қойылымдарды тамашалап, жиырма бес спектакльді таңдаған. Жиырма бестіктің ішіне кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Тыраулап ұшқан тырналар» (Авторы: В.Ежов, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық артисі) лирикалық драмасымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2015» кубогы, яғни гран-при иегері атанды.
        Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған     Қазақстанның  Халық артисі ТІЛЕКТЕС МЕЙРАМОВ – полковник Лукьянов, актер ӘБІЛМАНСҰР СЕРІКОВ – Пернебек Боранбаев, актриса АҚМАРАЛ ТАНАБАЕВА – Инга рөлдері үшін «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬДІҢ» алтын дипломанттары атанды.
Бұл – қазақ театрының жемісі, «Қаллекиліктердің» кезекті жеңісі болды!, - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: