Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Еуроодақтың (ЕО) жаңартылған «қара» тізімінде қазақстандық 19 авиакомпания бар, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.
«Онша сенуге болмайтын авиатасымалдаушылардың жаңартылған тізімінде 308 авиакомпания бар. Оларға Еуроодақ елдеріне ұшуға тыйым салынған: Ауғанстан, Ангола, Бенин (…) Қазақстан (ұшу қауіпсіздігі талабына жауап беретін бір авиакомпаниядан басқалары)» , - делінген бейсенбі күнгі баспасөз парақшасында.
Бұл ретте қара тізімде 19 қазақстандық авиакомпания бар. Оның ішінде Scat, Kazair Jet, Irtysh Air, Jet Airlines, Bek Air, Қазавиақұтқару және т.б. авиакомпаниялар.
Еуроодаққа ұшу рұқсатын тек ұшақтардың белгілі түрлеріне ғана бір ғана қазақстандық авиакомпания алды.
«Одан басқа, тізімде 10 авиакомпанияға белгілі шектеулермен ұшуларына болады. Ол авиакомпаниялар Еуроодақ елдеріне тек белгілі ұшақтардың түрлерімен ғана ұшуларына рұқсат етілген. Ол авиакомпаниялар: Air Astana (Қазақстан), Afrijet, Gabon Airlines және SN2AG (Габон), Air Koryo (КХДР), Airlift International (Гана), Air Service Comores (Комор аралдары), Iran Air (Иран), TAAG Angolan Airlines (Ангола) және Air Madagascar (Мадагаскар)», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37