Ермегияев заңсыз сыйақы түрінде T4,2 млрд алды деп күдіктелуде

Астана. 16 шілде. ҚазТАГ – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқармасының экс-төрағасы Талғат Ермегияев ұрланған қаражаттың іүішнен заңсыз сыйақы түрінде Т4,2 млрд-ты қолды қылған, деп хабарлады ҚР мемқызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Айгүл Шаимова.
«Бүгінгі таңда (Талғат – ҚазТАГ) Ермегияев ЭКСПО («Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ – ҚазТАГ) компаниясындағы бұрынғы лауазымды тұлғалармен, үлестес мердігер ұйымдардың, сондай-ақ жалған кәсіпорындардың жетекшілерімен бір топта шынымен де ЕХРО құрылысына бөлінген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп күдіктелуде», - деді А. Шаимова бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
«Қазіргі кезде тергеу Ермегияевтің ұрланған қаражаттың ішінен заңсыз сыйақы түрінде қолма-қол 4 млрд 200 млн теңгені қолды еткенін анықтады. Қазіргі таңда сот 10 тұлғаға қатысты қамау, үйқамақ және кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады», - деп жалғастырды ол.
Еске сала кетейік, 10 маусым күні Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов ұсталған болатын. 11 маусымда ол үй қамауына жатқызылды. Қ. Үсенов «аса ірі көлемдегі» Т214 млн сомалық бюджет қаражатын «иемдену және жұмсау жолымен» жымқырғаны, яғни «ҚР ҚК 176 бап 4 б. «б» т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін күдіктелуде.
Кейіннен, 12 маусымда  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Талғат Ермегияев үйқамауға алынды, ол ҚР ҚК 176 бап 5 б. «б» т. (1997 жылғы түзетімдегі) қарастырылған қасақана ауыр қылмыстарды бірнеше мәрте жасады деп сезіктелуде.
18 маусымда Т. Ермегияевтың «Са-Бек» ЖШС (30%); «ТКМ» ЖШС (30%); «Глобус Алматы» ЖШС (50%); «ХОЗУ-Транс» ЖШС (100%); «Рахат-АВТО» ЖШС (18%); «Глобус Астана» ЖШС (50%) жарғылық капиталдарына қатысқан үлестеріне тыйым салынды.
Соңырақ, 20 маусым күні Астана соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы экс-директоры Сұламбек Барқынқоевтың қамауын санкциялады. Ол ҚР ҚК 176 бап 4 б. «б» т. (ҚР ҚК 1997 жыл 16 шілдесіндегі түзетімі) бойынша күдіктелуде.

adimage