Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Этникалық қазақ АҚШ протоколы қызметін басқаратын болды, деп хабарлады америкалық мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінен.
«2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап Әсел К.Робертс есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Протокол басшысы кеңсесінің қызметінде 15 жылдан астам еңбек өтілі бар ол соңғы жылдары аға кеңесші қызметін атқарып келген», - деп хабарлады АҚШ мемдепартаментінен.
Алматы облысында дүниеге келген Әсел (Төленова) Робертс Джорджтаундағы Эдмунд Уолш ат. дипломатиялық қызмет мектебін халықаралық құқық және ұйымдастыру саласындағы ғылым бакалавры деңгейін бітірген.
«Ол қазақ, орыс және жапон тілдерін меңгерген» - деді мемдепте.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29