Геннадий Головкин WorldBoxingNews версиясы бойынша 2013 жылдың үздік боксшысы атанды

Күні: 18:02, 07-08-2014.

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WorldBoxingNews версиясы бойынша 2013 жылдың үздік боксшысы атанды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Белгілі WorldBoxingNews порталы жүргізген дауыс беру қорытындысы бойынша, Г. Головкин 74% дауыс жинап, «2013 жыл боксшысы» аталымында жеңіске жетті.
Орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып табылатын отандасымыз өткен маусымда төрт жекпе-жек өткізіп, оған қарсы тұрған америкалықтар Габриэль Росадо мен Кертис Стивенс, жапондық Набухиро Ишида, британдық Мэттью Маклиннің әрқайсын нокаутпен сұлатып аяқтады. АҚШ-та өткен соңғы кездесудің үшінші раундында австралиялық Дэниэл Гил жеңіліске ұшырады. Головкин жалпы 30 кездесудің 30-ында да жеңіске жеткен, оның 27-сін нокаутпен аяқтаған.


Жаңалықтармен бөлісу: