IFEX атты ойды еркін білдіру Халықаралық қауымдастығының Сейтқазы Матаевты қолдау науқанын әр елдің 50-ден астам ҮЕҰ-лары қолдады

Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова.  IFEX атты ойды еркін білдіру Халықаралық қауымдастығының Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты қолдау науқанын әр елдің 50-ден астам журналистік ҮЕҰ-лары қолдады, деп мәлім етті С. Матаевты қолдау комитетінен.
«IFEX атты ойды еркін білдіру Халықаралық қауымдастығы Сейтқазы Матаевты қолдау науқанын бастады. Науқан аясында әлемнің әр елінен 50-ден астам ҮЕҰ-лары Қазақстан президенті мен Бас прокурорына өздерінің үндеулерін жолдады», - делінген дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз-релизінде.
Өз кезегінде «Адам құқықтары үшін хартия» ҚҚ атқарушы директоры, ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова С. Матаев пен оның жақындарының конституциялық құқықтарының бұзылғанын қадап айтты.
«Осы жағдайда мен үшін оның қорғану құқығының, бұлтартпас шарасының балама түрлерін таңдау құқығының бұзылғаны ең бастысы болып табылады. Олар адамға қандай да мүмкіндік беру үшін, оның қандай да құжаттарды дайындай алуы үшін үй қамауының орнына кез келген басқасын таңдай алуына болар еді – кепілдікпен, жеке адамдардың кепілдігімен босату, қол қойдырып алу, оның үстіне оның жеке мүліктері қамауға алынған. Оны бірінші рет тергеуге апарған кездегі кеткен уақыт ҚПК-ті бұза отырып, 8 сағатқа созылды», - деді ол.  
Одан басқа, Ж. Тұрмағамбетова қалалық прокуратураның шарасыздығын атап көрсетті.
«Біз әр кез қадағалаушы орган ретінде прокуратура нақты әрекет етуі керек деп ойлаймыз. Мен бір нәрсені айта аламын, осы жағдайда Алматы қалалық прокуратурасы жемқорлыққа қарсы күрес мекемесінің жетегінде кетті. Оның туыстарын телефон арқылы тергеуге шақырмақ әрекеті, немесе жақын адам, отбасы мүшелері өзіне немесе жақын адамына қарсы көрсетулер бермеуге конституциялық құқығы болғанына қарамастан тергеу Конституцияны бұза отырып жүргізілуде.  Денсаулық сақтау құқығы бұзылды, қысымы артып тұрған адамды емдеу мекемесінде де тыныш қалдырмай, дәрігерлердің қалыпты жұмысына кедергі келтіруде. Осы болып жатқан оқиғаларға прокуратура баға беруіне толық құқығы бар, процессуалдық нормалар қаншалықты сақталып отыр, олар түсініктеме бере алады», - деді ол.
«Ақ жайық» медиа-холдингінің төрағасы Әбілдә Мұқашевтың айтуынша, С. Матаевтан Астанадағы Ұлттық баспасөз-клубын алып қою әрекеті бұрын да болған екен.
«Сейтқазы Матаев маған бірнеше жыл бұрын, белгілі бір ықпалды адамдардың одан осы ғимаратты тартып алуға тырысқанын айтқан еді. Оған президентке хабарласып, көмек сұрауына тура келген, сөйтіп Нұрсұлтан Әбішұлы оны қорғап, көмекшісін шақырып, тапсырма берген, нәтижесінде ана адамдар соңына түсуді қойған.   (…) Осы жерде бір сәтті көзден жіберіп алушылық, президент әкімшілігі тарапынан, ішкі саясатқа басшылық етушілер тарапынан байқамай қалушылық болған деп ойлаймын.  Оларды тыныштандырған шығар, мүмкін, бірақ ол ебедейсіздердің қылықтарының арты неге апарарын кім білген», - деді ол.
Бұл ретте ол С.Матаевтың жағдайына байланысты «Еуропа мен АҚШ-тың EXPO-ға қатысудан мүлде бас тартуы мүмкін екенін, президент идеясына мықты қауіп төніп тұрғанын» атап өтті.  
Сонымен қатар Ә.Мұқашев ҚР парламенті сенатының төрағасына ЕҚЫҰ-дағы сөз сөйлеуі барысында С.Матаевтың жағдайына қатысты сұрақ қойылғанын еске салды.  
«Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның ЕҚЫҰ-дағы сөзі барысында С.Матаевтың жағдайы туралы сұрақ қойылғандығы туралы ақпарат болды. Және ол бұл мәселені қолға алатынын,  бұл сұраққа  жауап беретінін айтқан. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының да елдегі екінші тұлғаның оындйа жайсыз жағдайға тап болып отырғанынан хабардар деп ойлаймын», - деді ол.
Ә. Мұқашев Астанада 20-22 сәуірде өтетін Еуразиялық медиафорумға С. Матаев қатыса алады деген үмітін білдірді.
«20-22 сәуірде Астанада кезекті Еуразиялық медиафорум өтеді. Мен Матаев мырза соған қатысуына билік қолынан келгенін жасайды деп ойлаймын, себебі сол арқылы елде сөз бостандығына қатысты жағдай жақсы, ЕХРО-ға келіңіздер деп айту үшін болса да. Мен ойлаймын, Дариға Нұрсұлтанқызы өзінің лауазымына байланысты бұл іске тікелей араласа алмас, бірақ оның наразылығының арқасында біз форумда Матаевты көре алармыз деп ойлаймын. Мен Дариға Нұрсұлтанқызы ана қырсыздардың бүлдіргендерін түзетер деп ойлаймын. Ол оның Қазақстан журналистер Конгресінің атқарушы комитетінің төрағасы ретіндегі моральдық борышы», - деді ол.  
Сондай-ақ Ә. Мұқашев Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері өздерінің баспасөздерге берген сұхбаттарында деректерді бұрмалайды деп атап көрсетті.
«Жемқорлыққа қарсы бюро төраға орынбасары ҚазТАГ тендерлердің ширегін алып отыр деп мәлім еткенде, ал мен алдыңғы ондықты есептедім, сонда ҚазТАГ-тың алып отырғаны оларға қарағанда 923 есе аз екен. Бұл Ұлттық бюро тарапынан барып тұрған бұрмалаушылық. Тағы бір айтарлығы, оның таспасында жаңалық жабық делінген, ал мен салыстыру үшін ҚазТАГ ХАА мен тағы бір ақпараттық агенттікті алдым, осы агенттік ҚазТАГ сияқты Т30 млн емес, Т290 млн алып отыр, ол бірнеше есеге артық. Ал сіз одан ақпарат алып көріңізші – онда компанияның жазбаша рұқсатынсыз материалдарды пайдалануға тыйым салынады деген ескертпе бар. Ол да ақпарат жабықтығын білдіреді», - деді ол.  
Одан басқа, Ә. Мұқашев осы баспасөз мәслихатына қатыстырмау үшін оған қысым көрсетілгенін де жеткізді.

adimage