Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шықты

Күні: 13:57, 18-12-2019.

Астана. 18 желтоқсан. ҚазТАГ – Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шықты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметін 2017 жылдың ақпанынан бастап атқарған, оған дейін 2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың ақпанына дейін вице-премьер болған, 2014 жылдың қазанынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін қорғаныс министрлігін басқарған. 2008 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қазанына дейін Тасмағамбетов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап 2008 жылдың сәуіріне дейін Алматы әкімі болған. 2004 жылдың наурызынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін президент әкімшілігінің басшысы, 2002 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың маусымына дейін мемлекеттік хатшы, 2002 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың маусымына дейін премьер-министр қызметтерін атқарған. Жоғары мемлекеттік лауазымдардағы қызметін Тасмағамбетов 1993 жылы президент көмекшісі болып бастаған.


Жаңалықтармен бөлісу: