Имектұмсық 2015 жылдың жыл құсы атанды

Алматы. 4 ақпан. ҚазТАГ – Имектұмсық 2015 жылдың жыл құсы атанды, деп хабарлады Қазақстан биоәркелкілігін сақтау қауымдастығынан (ҚБСҚ).
«Қазақстан биоәркелкілігін сақтау қауымдастығы Қазақстан құстарды қорғау одағымен бірлесіп жыл құсын таңдады. 2015 жылы ол мәртебе имектұмсыққа бұйырды», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Имектұмсық тек Орталық Азияда мекен етеді және Қазақстан қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда ол Солтүстік және Орталық Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында мекен етеді. Қазақстанда осы құстың бірнеше ондаған жұбы ғана ұялайды. Бұл құс теңіз деңгейінен 2 мыңнан 3 мың метр биіктіктегі тау өзендерінің қиыршық тасты аңғарларындағы жайпақ жағалауларында, аралдарында, өзен салаларында ғана ұялайды. Құс ұялайтын ареал аумағында қыстайды, қатты қыста және қар қалың жауса өзен ағымымен төмен түседі, кейде тау бөктерлеріне дейін түседі.
Имектұмсықтың бейнесі Алматыда 2015 жылғы тамызда өтетін Солтүстік Еуразия XIV халықаралық орнитологиялық конференциясының эмбламасы болады.
Хабарда айтылғандай, «Жыл құсы» науқанының мақсаты Қазақстан халқын жоғалып кету алдында тұрған құстар туралы хабардар ету.
2014 жылы жыл құсы ретінде үйректің көнеден қалған түрі  - савка – ақ бас үйрек танылған болатын.  

adimage