Инвесторларды әлемді шарқ ұрып іздеудің керегі жоқ, олардың өздері Қазақстанға сұрануы керек - Қажыгелдин

Күні: 13:05, 05-11-2015.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық банк төрағасын алмастыру туралы шешімі тым кеш қабылданды, ал ол мәселе теңгенің қайғылы девальвациясынан соң-ақ көтерілген болатын, деп мәлім етті ҚР экс-премьер министрі Әкежан Қажыгелдин, ҚазТАГ агенттігіне берген эксклюзивті түсініктемесінде.
«Принциптіліктің жетіспеушілігі мен шешімді созып жіберуі мемлекетке $2 млрд шығын болып келді. Оны теңге бағамын еркіндікке жіберетіндігі туралы жариялаған соң да теңге бағамын ұстап тұруға жаратты», - деді экс-премьер.
Оның пікірінше, Ұлттық банкке жаңа төраға тағайындалуы нарықтағы белсенді субъектілерде, оның ішінде шетелдік инвесторлар арасында да айтарлықтай жаңалық бола қалады деп күтпейді.
«Ол (Данияр Әкішев  ҚазТАГ) 20 жасында Қазақ мемлекеттік басқару академиясында (бұрынғы халық шаруашылығы институты) білім алуын тәмамдады да сол кезден бері шенеунік болып жұмыс жасады.
90-шы жыл басында ол ЖОО елеулі экономикалық мектеп деп ешкім де айта алмас, жаңа төрағаның академиялық жүгі басқа елдердің ұлттық банктерінің төрағаларының ғылыми атақтарымен және халықаралық дипломдарымен салыстыруға келе қоймас. Жаңа жетекші президент әкімшілігінде жұмыс істеген жылдары жалқауланбай, өз білімін көтерумен айналысқан болар», - деп өз пікірін білдірді Ә. Қажыгелдин.
Бірақ саясаткер «бүгіндері басты проблема Ұлттық банктің басшысының білімінде ғана емес, қазақстандық экономиканың архаикалық (ескірген) құрылымында, ал оның басты агенті мемлекет  аса ірі және монопольдық меншік иесі», деп есептейді.
«Ол меншікті үкімет басқарып отыр және ол өзінің бейшарасызыдығымен немесе келеңсіз әрекеттерімен экономикадағы қазіргі дағдарысқа әкелді.
Ондай адамдармен және экономикалық әрекеттермен ешқандай Ұлттық банк дағдарысты еңсере алмайды», - деп сенеді экс-премьер.
Ол ҚР Ұлттық банкінің әрекетін АҚШ Федералдық резервтік жүйесімен немесе Ұлыбританияның Орталық банкімен салыстыруға келмейді деп есептейді. «Олар шынымен де өз елдерінің кредиттік-қаржылық саясатын қалыптастырады және іске асырады, ал онда ең басты қаржылық ойыншы ретінде жеке капитал белең береді. Бізде болса, ең басты қаржылық ойыншы Қазақстан президенті әкімшілігінің қандай да басқармасы немесе бөлімі болып табылады», - деп атап кетті Ә. Қажыгелдин.
«Мен жақында Астанада өткен инвесторлардың саммитінің күн тәртібіне назар аудардым.Таң қаларлығы, егер шенеуніктер елге шынымен де елеулі капиталды тартқысы келсе, онда саммиттің ең басты қонақтары онсыз да осында талайдан бері жұмыс жасап келе жатқан өндіруші корпорациялардың жетекшілері болмауы керектігін ешкім де ПӘ (президент әкімшілігінің  ҚазТАГ) шенеуніктеріне түсіндірмепті. Олар алғысы келгендерінің бәрін алып болған. Олардың кейбіреулерін келісімдерді бұзғаны және инвестициялық міндеттерін орындамағаны үшін қудалау да керек», - деп есептейді бұрынғы ҚР премьері.  
Оның пікірінше, әлемдік инвесторларға шетелдік инвесторлармен болған соңғы кездесуде жекешелендіру үшін ұсынылған мұнай мен газ, ескі зауыттар мен өндірістер  қызықсыз. XXI ғасырдағы әлемдік капитал үшін елдің тек қана жер қойнауы емес, Қазақстанның геосаяси жағдайы мен оның халқының әлеуеті жаңа мүмкіндіктер мен келешектер ашып отыр.
«Кейбіреулер Қазақстандағы дағдарысты әлемдік дағдарыстың бір бөлігі ретінде көрсетуге тырысып жатыр. Ешқандай да әлемдік дағдарыс жоқ, энергия тасымалдаушыларға бағаның төмендеуі дағдарыс емес, ол болжанған жағдай. Біз мұнай бағасы барреліне 8 доллар болғанда да жұмыс жасадық. Қазақстанда дағдарыс мұнай мен газ бағасы жоғары болып тұрғанда басталып жеті жыл жалғасты. Бұдан қорытынды шығаратын және дағдарысты экономикадағы жаңа серпінге, жаңа сапаға жаңа өлшемге бет бұратын алаң ретінде пайдаланатын кез келді», - деп түсіндірді саясаткер.
Оның айтуынша, жаһандық нарықта қомақты қаржылық ресурстар жинақталған, оларға қолжетімділік мүмкіндігін алу керек, ал оған тек жаңа тәсілдер жасау және мүлде басқа ұсыныстар арқылы ғана қол жеткізуге болады.  .
«Бұл ұсыныстарды қалыптастыруды үкіметтің дәл сол экономикалық блогына сеніп тапсыруға болмайды. Ол коммуналдық және әлеуметтік секторлар деңгейінде күн сайын басқарумен, бюджеттің орындалуымен, мемлекеттің күн сайынғы қажеттіліктерін қамтамасыз етумен шектелуі керек, ол инфляцияны таргеттеу бойынша өз мүмкіндіктерінің шегінде айналыса берсін, бұл ұсынысты олар дағдарыспен күрестің негізгі құралдарының бірі ретінде ұсынған болатын. Ал экономиканың болашағын басқа адамдар анықтауы керек», - деп жалғастырды Ә.Қажыгелдин.  
«Жаңа ғана президент Назарбаевтың Ұлыбританияның іскер топтарымен кездесуі болды. Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бұл шарада бірізділік пен іш пыстырарлық жағдайды сезінбей қойған жоқ деп ойлаймын. Себебі Лондонда да  Астанаға жыл сайын жиналатындар келді. Кездесуге қатысушылардың бірі маған үзілісте телефон шалып, барлығының сол бір тақырыпты қозғап жатқаны туралы айтты. Соңғы кезде президент әлемді аралап, ақша іздейтін коммивояжерге айналып кеткен. Егер дұрыс инвестициялық бағдарлама ұсынған болса, онда бизнес капитандары оған өздері-ақ ұшып келер еді, бір кездері солай болған да еді», - деді ҚР бұрынғы премьері.  
Ол сондай-ақ, инвестиция тарту бойынша жұмыстың тиімсіздігінің себептері  Қазақстандағы президент билігінің сипатында жатыр деп санайды. «Десек те Қытайдағы бір партиялық саяси жүйе жағдайында да нәтиже таң қаларлықтай. Президент Назарбаевқа Қытай басшылығының тәжірибесін пайдалану керек. Мәселе Қазақстанда әлі басталмаған, ал Қытайда қатты дамыған жоғары басшылықтағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ғана емес. Жаңарту комиссиясымен де сондай жағдай болып жатыр: оны жеке өзі басқарудың орнына, президент премьерге тапсырды. Енді үкімет, әдеттегідей күдік тудыратын шетелдік мамандарға қомақты қаржы жұмсайтын болады, ал олар Нобель сыйлығының лауреаттарын тарта отырып, жекелеген бөлімдерге жүздеген бет жазып береді», - деп түсіндірді жағдайды Ә.Қажыгелдин  
«Сондай 700 беті бар құжаттың бірі жақында менің қолыма түсті. Мен сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлына авторлардың олардан не қажет екенін түсінбейтінін айттым. Сондықтан олар біздің жағдайымызда мүлде керексіз жалпы теориялық трактаттар жазып береді. Сөйтіп кабинет батыстың үлгісін қазақтың әзірге мотоциклдің моторымен ұшып жүрген дельтапланына қолданғысы келеді», - деп еске алады саясатшы..
Сөзінің соңында экс-премьер Қазақстанның бас қаржылық реттеушісіндегі кадрлық өзгерістерге тоқталды.  
«Ұлтық банктегі тағайындауларға келсек, мен бұрынғыша Ұлттық банк төрағалығына Ораз Жандосовтың ең жақсы кандидат екенін айтқым келеді, себебі бас банкир үшін тәуелсіздік пен тұрақтылық бүгінгі таңда ең маңыздысы. Күмәны бола тұра президенттің әлсіздік танытып, өз шешімінен бас тартқысы келмейтіні де түсінікті. Десек те ұлы Конфуцийдің өзі өз шешіміңді өзгерте алмасаң, басқасын - дұрысын қабылда деп жазған болатын», - деп түйіндеді сөзін  Ә. Қажыгелдин.


Жаңалықтармен бөлісу: