Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Италияда ЖКО-да зардап шеккен қазақстандықтар алдағы тәулікте арнайы бортпен Алматыға жеткізіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау минстрлігінің баспасөз қызметінен.
«Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысана сүйенсек, пациенттердің жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған, оларды санитарлық авиациямен тасымалдау қажет. Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қос науқасты елге алып келуге дайын. Санавиацияның арнайы борты да әзір және пациенттер біліктілігі жоғары дәрігерлердің бақылауында болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық министрлігінде мәлімдегендей, санитарлық авиацияның мобильді бригадасы науқастарды тасымалдап қана коймай, өз кезінде мониторинг жүргізіп, отандастарымыздың жағдайын жіті қадағалайды, бортта қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, пациенттер алдағы тәулікте Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізіледі», - деді ведомствода.
Еске салсақ, 22 мамырда Италияда Қазақстан азаматтары мінген туристік автобус аударылған. ҚР СІМ нақтылағандай, ЖКО-да барлығы тоғыз қазақстандық зардап шеккен. Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғасы сынған және түрлі жарақаттар алған.
Қатысты сілтемелер
-
Қызылорданың автожолдарын күрделі жөндеуге Т3,7 млрд астам жұмсамақ
10 Қыркүйек 2024, 10:40 -
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
10 Қыркүйек 2024, 08:53 -
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55