Кәрім Мәсімов қазақстандық футболшылар мен жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады

Күні: 18:36, 26-08-2016.

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Кәрім Мәсімов қазақстандық футболшылар мен жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады, деп хабарлады ҚР үкіметінің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, «Астана» ФК жеңісі туралы ҚР Премьер-Министріөзінің Twitter-аккаунтында жазды.
БАТЭ белорус командасымен екі матчтық сайыстың қорытындысы бойынша «Астана» елордалық футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. Бірінші сайыста қазақстандық футболшылар БАТЭ командасын 2:0 есебімен жеңді. 2:2 есебімен өткен екінші жауапты матч «Астана» ФК-на ойынды топтық кезеңде жалғастыруға мүмкіндік берді. УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінде жеребе тарту 26 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: