Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ - «Диамед» ЖШС негізін қалаушы және бас директоры Алтай Қалымбетов Қазақстанда коронавирусты ПТР-диагностикалаудың жасанды тапшылығы туралы мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Менің ПТР-диагностика шығаратын кәсіпорнымнан «мемлекет» коронавирусқа арналған бірде-бір жинақты сатып алмады. ПТР-диагностика тапшылығын қолдан жасап отыр. Уақыты келеді, сосын «індет кезіндегі осы бизнеске» қатысқан барлық шенеуніктер әр адамның өлімі үшін жауап беретін болады. Мен де үнсіз қалмаймын. Біліп қойыңдар, оңбағандар, мен сендердің барлығыңды білемін», - деп жазды Қалымбетов Facebook парақшасында.
Оның постын көрген ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жағдайдың анық-қанығын анықтайтын мәлімдеген.
«Жағдайды объективті түрде анықтаймын және жеке бақылауыма аламын», - деп жазды Цой.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46