Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – ҚР президентіне үміткер, кәсіподақ федерациясының басшысы Әбілғазы Құсаинов кәсіпорындардың қызметіне жүйелі түрде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет деп санайды.
«Өнім мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындардың қызметін жүйелі түрде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет. Техникалық регламент талаптарының орындалуы тек қағаз жүзінде ғана міндетті болып қалмауына қол жеткізуіміз қажет. Құрылыс жұмыстарын жүргізуде, өнеркәсіптік әзірлемелерді жасауда біздің бай табиғатымыз, біздің қайталанбас ландшафтымыз зардап шекпеуіне қол жеткізуіміз қажет», - делінген Ә.Құсаиновтың сейсенбіде ресми БАҚ-та жарияланған сайлауалды бағдарламасында.
Оның пікірінше, қоғам мен жеке тұлғаның өмірлік маңызды мүдделерін қауіпті өндірістік объектілердегі ықтимал апатты жағдайлардан қорғаудың және осындай апаттардың салдарын барынша азайтудың белгілі бір дәрежесіне кепілдік берілуге тиіс.
Сонымен қатар, Ә. Құсаинов бірақ адамның биосферасыз өмір сүруі мүмкін еместігін атап өтті.
«Биосфера Жерде адам пайда болғанға дейін де болған әрі онсыз да тіршілік ете алады. Бірақ адамның биосферасыз өмір сүруі мүмкін емес», - деп санайды ол.
Ә.Құсаинов атап өткендей, қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуға тиіс.
«Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдар өз қызметкерлерінің, объектілердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін қамқорлық жасауға тиіс. Біздің басты міндетіміз – табиғи ресурстарды ұтымды және жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жос-парлы жүйесін енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қорғауға және қалпына келтіруге, болашақ ұрпақтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған халықаралық және қоғамдық іс-шараларды жүргізу», - деп санайды Ә. Құсаинов.
Сонымен қатар, оның пікірінше, жалпы білім беретін орта мектептерде міндетті пән ретінде экология және қауіпсіз даму туралы ұғымдар негіздерін оқыту, сондай-ақ экологиялық-ағартушылық жұмыстарды тұрақты жүргізу экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы білімді тарату өмірлік маңызы бар шаралар болып табылады.
«Біз экология туралы білімді, қауіпсіз және экологиялық өмір сүру қағидаттарын, табиғатты және өзімізді қоршаған жаратылысты аялап, сақтау қажеттілігі туралы білімді бойға сіңіруге тиіспіз. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік идеяларын таратуда азаматтық қоғам құрылымдары маңызды рөл атқаруы тиіс. Оның ішінде бұқаралық қоғамдық ұйымдар мен жастар қозғалыстарын, сондай-ақ кәсіби институттарды ерекше атап өткім келеді», - деп санайды ол.
«Экология және табиғат қорғау ісі мәселелерінде азаматтық белсенділікті дамыту қажет. Адамдар экологиялық тепе-теңдікті және табиғаттың бүлінбеген қалпын сақтау қажеттілігі туралы ойға өздері-ақ саналы түрде келуге тиіс. Адамның бүкіл шаруашылық іс-әрекеті қоршаған ортаға тигізер әсері тұрғысында мұқият талдаудан өтуі тиіс», - делінген бағдарламада.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36