KADEX-2016 көрмесіндегі авиашоу барысында Астана әуежайында уақытша режим енгізіледі

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ –  KADEX-2016 көрмесі аясында авиашоу көрсетілуіне байланысты 2-5 маусым аралығында Астана әуежайында уақытша режим енгізіледі, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Ресми түрде (әуежай- ҚазТАГ) жабылмайды.  Уақытша режим енгізіледі, яғни ұшу кезінде олар (ұшақтар – ҚазТАГ) ұшырылмайды, тек келісіліп отырады. 2 маусымда сағат шамамен 21.30-22.00 аралығында шоудың ашылу салтанаты болады, 4 және 5 маусымда күндізгі сағат 3 пен кешкі 6-ға дейін демонстрациялық көрсетілімдер болады», - деп түсіндірді сәрсенбіде қорғаныс министрлігінен.  
Бұл ретте, «Қазаэронавигация» РМК хабарлауынша, әуе рейстерінің кешіктірілуі мүмкін.  
Еске салсақ, KADEX-2016 қарулану және әскери техника IV халықаралық көрмесі Астанада 2-5 маусым аралығында өтеді.  

adimage