Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ – Каталония тәуелсіздігі үшін азаматтардың 80%-ы қолдап дауыс берді, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.
«9 қарашада Испанияның Каталония провинциясының тәуелсіздігі үшін өткен референдумда азаматтардың 80%-ы қолдап дауыс берді», - делінген мақалада.
Хабарда түсіндірілгендей, дауыс беру бюллеттеньдерінде екі сауал ғана болған: «Сіз Каталонияның мемлекет болғанын қалайсыз ба?» және, егер сіз оны қолдасаңыз, «Сіз ол мемлекеттің тәуелсіз болғанын қалайсыз ба?» деген сауалдар. Екі сауалға да не «иә», не «жоқ» деп дауыс беруге болады.
Екі сауалға да дауыс берушілердің 80,72%-ы, немесе 1 млн 649 мың адам қолдап дауыс берген. Испаниядан бөлінбей бірақ дербес мемлекет болуды қолдап 10,11% немесе 206 адам дауыс берген. Провинцияның қазіргі мәртебесін қолдап 4,55% немесе 93 мың адам дауыс берді. Референдумға 2 млн 250 мың адам қатысты.
9 қарашада өткен шара халықтан бейресми сауалнама алу болып табылады. Бұдан бұрын Испанияда осы күнге тағайындалған референдумды тоқтату туралы шешім қабылданған. 29 қыркүйекте Испания Коснтитуциялық соты Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдумды өткізуді 5 айға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Мадрид көзқарасында мұндай сауалнама елдің Ата заңының 1.2 бабына қайшы болып, елдің барлық тұрғындарының құқықтарын бұзады. Орталық үкіметтің пайымдауынша, Испания біртұтас (унитарлы) мемлекет, сондықтан «тәуелсіздік мәселесін бір ғана өңірдің тұрғындары емес, Испания халқының барлығы шешуі тиісті».
Қатысты сілтемелер
-
Әл-Хусейния сарайында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
19 Ақпан 2025, 17:15 -
Тоқаев Әл-Хусейния сарайына келді
19 Ақпан 2025, 17:00