Катар Қазақстан үшін визалық режимді жеңілдетті

Күні: 12:21, 10-08-2017.

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ – Катар мемлекеті Қазақстанды қосқанда, әлемнің 80 мемлекетінің азаматтары үшін визалық тәртіпке жеңілдіктер енгізгені туралы жариялады, деп жазады «Коммерсантъ» газеті.
«Ресей, Украина және Қазақстан  Катар түбегінде тегін виза арқылы 30 күн бола алатын 47 елдің қатарына енді. Виза мерзімін тағы  30 тәулікке ұзартуға рұқсат берілген. Қатарына Германия, Франция, Түркия елдері кіретін қалған 33 мемлекет азаматтары Катарға келгеннен кейін 180 күнге виза ала алады», - делінген хабарда.
  Qatar Airways авиакомпаниясының атқарушы директоры Акбар аль-Бакир визалық режимнің жеңілдетілгенін растады.
«Катардың туристік ұйымы   егер азаматтары Qatar Airways бортымен ұшатын болса әлемнің 80 елінің азаматы үшін визаны алып тастауды шешті», - деді ол.  
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, Катар Қазақстанға өзара негізде жеңілдетілген режимде виза беруді ұсынған болатын.
«Туризм департаментінің басшысы Хасан Аль Ибрахим  бұл қадам Катарды аймақтағы ең ашық мемлекет ретінде танытатындығын атап өтті. Ол сондай-ақ,  Доха Катардың мәдени мұралары, эмират түбегінің табиғи құндылықтарымен танысқысы келетін шетелдік туристерді қуана қарсы алатындығын мәлім етті.
Қазіргі таңда Катарда 200-дей Қазақстан азаматы тұрып жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: