Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Кеден бекеттеріндегі бір айдағы пара сомасы $3 млн дейін жетеді, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
«Бір қарағанда, пара сомасы көлемді емес сияқты болып көрінеді, алайда ол жүйелі түрде солай ғой. Бұл дегеніңіз бір жеке тұлғадан 5 мың теңге болуы мүмкін, сонда біздің талдаушыларымыздың айтуынша, қылмыстық жолмен келетін табыс көлемі бір айда 2-3 млн долларға жетеді екен - бұл қызметтің барлығы жұмылдырылған қарапайым бекеттерде. Және бұл біріншіден, біздің көршілеріміз, туристер алдындағы беделіміз», - деді Қ.Қожамжаров сейсенбіде «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында.
Бұл ретте ол «соңғы айларда бірқатар қылмыстарды әшкерелеу орын алғанын, ол бойынша қазір тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанынын» айтты.
Сонымен қатар Қ.Қожамжаров соңғы 5 айда жүйелі түрде пара алғаны үшін еліміздің 6 өңірінде облыстық деңгейдегі басшылардың қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын айтты.
Оған қоса, Қ.Қожамжаров облыстың білімді бақылау жөніндегі департамент басшысының орта мектеп мұғалімдерінен жинаған пара сомасының Т300 млн жетуі мүмкін екенін атап өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36