Кеден шекараларының ашылуы Қазақстаннан РФ-ға есірткі жеткізілім санының өсіміне әкеліп соқты

Күні: 16:48, 07-08-2014.

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Кедендік шекаралардың ашылуымен Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін есірткі ағыны ұлғайды, деп хабарлады Ресей Федерациясы бас прокурорының орынбасары Юрий Пономарев.
«Кеден шекарасының жоқтығы есірткінің криминалды жеткізілімін ұйымдастырушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Тек өткен (2013 – ҚазТАГ) жыл қорытындысы бойынша Ресей Федерациясында Қазақстан азаматтарының тарапынан жасалған есірткі контрабандасы деректерінің саны 2 есе артқан», - деді Ю. Пономарев бейсенбі күні Қазақстан және Ресей шекаралық прокуратураларының басшылар форумында.
Ол 2014 жылы Уралда қазақстандық-ресейлік шекараны кесіп өткен есірткілердің тәркілену саны өткен жылдағыдан 1,5 есе көп болғанын түсіндіре өтті.
«Бүгінде – 43 келі. Әсері күшті қытайлық өндірістегі заттардың көлемі мен түсімі көбеюде. Бұның бәрі Ресей және Қазақстан құқық қорғау органдарының жаңа әдістер мен өзара іс-қимыл формаларын жасап шығаруын талап етеді», - деп атап өтті Ю. Пономарев.
РФ бас прокурорының орынбасары атап өткендей, шекаралық прокуратураның үлесіне «екі елдің прокуратура органдарына қатысты жалпы проблемалардың негізгі бөлігін орындау» кіреді.


Жаңалықтармен бөлісу: