Халықаралық баспасөз институты Қазақстанды тез арада Сейтқазы Матаевты босатуға шақырды

Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ  Халықаралық баспасөз институты  Қазақстанды Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаевты тез арада босатуға шақырды.  
«Біз билікті Сейтқазы Матаевты тез арада босатуға шақырамыз және өздерінің кінәсіздігін дәлелдегілері келетіні туралы мәлімдеме жазған Матаевтың екеуіне де өз аттарына тағылған айыптауларға жауап беруге мүмкіндік берулерін сұраймыз», - деп мәлімдеді Халықаралық баспасөз институтының коммуникация және құқыққорғау қызметінің директоры Стивен Эллис.  
Өз кезегінде бас кеңсесі Нью-Йоркте, АҚШ-та орналасқан Халықаралық журналистерді қорғау комитеті Алматыда Сейтқазы Матаевтың ұсталуына байланысты алаңдаушылық білдірді.  
«Егер қазақстандық биліктің не Сейтқазы Матаев, не Әсет Матаев (ҚазТАГ бас директоры)   жасады-мыс деген қылмыстарға дәлелдері болса, көрсетсін.  Басқаша жағдайда Қазақстан мен Алматы билігі оларды аңдуды тез арада тоқтатып, журналистерге қатысты негізсіз айыптаулардан тартынулары керек», - деді Еуропа және Орталық Азия бойынша бағдарламалар үйлестірушісі Нина Огнянова.
Бұл кезде, халықаралық, еуропалық және америкалық БАҚ С.Матаевты ұстауда рейдерлік астар бары туралы мәлімдеді.
«Әсет Матаевтың пікірінше, айыптаулар оның әкесіне тиесілі  бағалы мүлікті алып кетуге деген талпыныс салдарынан туындап отыр. Ол мүлікке Ұлттық баспасөз клубының ғимаратының  бірі Алматының басты көшесі  Фурмановта орналасқан (ондағы мүлік бағасы шарықтап тұр) және Астанадағы кеңселер кіреді. Егер Матаевты кінәлі деп тапса, олар тәркіленеді», - делінген Eurasianet.org. халықаралық ақпараттық порталының жарияланымда.
Бұл ретте, ол тергеу амалдарының «өте жоғары лауазымды адамдардың» нұсқауымен жүргізіліп жатқанын атап өткен.
«Сыбайлас жемқорлыққа айыптау бойынша істі тергеу «менің әкемнің мүлкін тартып алу бойынша өздерінің жеке бастық пайда мүддесін көздеген өте жоғары лауазымды тұлғалардың» нұсқауымен өткізіліп жатыр», - деді Ә. Матаев. Ол ол адамдардың атын атаудан бас тартты, бірақ оған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еш қатысы жоғына сенімді екенін атап өтті», - делінген жарияланымда.
Осыған ұқсас ақпаратты географиясы Шығыс Еуропадан Орталық Азияға дейінгі аумақты қамтитын «Сыбайлас жемқорлықты және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы» халықаралық ресурс орталығы да таратқан.
Өз кезегінде британдық Reuters ақпараттық агенттігінің редакциясы Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының Алматыда өте қолайлы жерде орналасқанын атап өтті.
«1991-93 жылдары Назарбаевтың баспасөз хатшысы болып жұмыс жасаған С. Матаев Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының басшысы ретінде белгілі. Қаланың орталығында шағын ғана ғимаратта орналасқан клубты баспасөз мәслихатын өткізу үшін бизнесмендер, саясаткерлер мен белсенділер жиі пайдаланған», - деп атап өтті басылым.
Америкалық Global Post басылымы атап өткендей, кезінде нақ осы С.Матаев Кеңес одағының құлағаны туралы журналистерге бірінші болып жариялаған еді.
«Назарбаевтың баспасөз хатшысы ретінде 1991 жылдың желтоқсанында журналистерге Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыдағы кеңес республикаларының саммитінен кейін кеңес Одағының құлағаны туралы жария еткен еді. Содан кейін КСРО ресми түрде тарап кетті», - деп жазады басылым.

adimage