Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – ҚР үкіметі демалыс күндерін 2016 жылдың 5 наурызынан 7 наурызына ауыстыру туралы қаулы қабылдады.
«2016 жылдың наурызында қызметшілердің демалысы үшін қолайы жағдай жасау және жұмыс уақытын оңтайландыру мақсатында ҚР үкіметі 2016 жылдың 5 наурызы сенбі күнгі демалысты 2016 жылдың 7 наурызы дүйсенбіге көшіру туралы қаулы қабылдады», - делінген дүйсенбідегі үкіметтің primeminister.kz сайтындағы хабарда.
Хабарда айтылғандай, қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай - ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 7 наурызда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.
Аталмыш күндегі жұмыс үшін ҚР заңнамасына сәйкес өтемақы төленеді.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18