Халықаралық жеңілатлетикалық Peace Run эстафетасына қатысушылар Павлодарға келді

Күні: 13:33, 25-07-2016.

Павлодар. 25 шілде. ҚазТАГ – Дәстүрге айналған халықаралық жеңілатлетикалық Peace Run (Бейбітшілік жүгіруі – 2016) эстафетасына қатысушылар Павлодарға келді,  деп хабарлады агенттік тілшісі. Хабарда айтылғандай, биыл 4 бағытта бет алған әр елдің халықаралық жобаға қатысушылары 21 қыркүйекте Уфа қаласында бас қосады.
«Бағыты Қазақстан аумағы арқылы өтетін Тынық мұхиттық тармағы Мұхиттың аралдағы елдерін, Жаңа Зеландияны, Австралияны, Сигапур, Корея, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Ресейді біріктіреді. Біз бейбітшілік пен мейірімділік идеясын насихаттаймыз, ал ол қазір өте өзекті мәселе. Дайындық деңгейі мен біліміне қатыссыз, әр адам осыған өз үлесін қоса алады. От жағылған алауды тым болмаса бірнеше метр алып жүріп, немесе өз қолында ұстап тұрып болса да өзінің ізгілікті еркін танытуына болады», - деді эстафетаға қатысушылар.
Қатысушылар олимпиадалық стильде қолдан қолға жанып тұрған алауды ізгі ниет символындай беріп отырады.
Халықаралық жеңілатлетикалық бейбітшілік алау эстафетасы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен 1987 жылдан бастап өткізіліп тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: