Өкілеттіктің қайта бөлінуімен Қазақстанның саяси жүйесінің демократиялық дәрежесі артады - Назарбаев

Астана. 10 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ресубликасының Заңына көпшілік алдында қол қойю рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
«(Заңның – ҚазТАГ) ел үшін маңызды мәні бар. Қазіргі реформа – біздің еліміздің дамуының заңды нәтижесі», - деп айтқан Н. Назарбаевтың сөзіне баспасөз қызметі Ақорданың хабарында сілтеме беріпті.
Оның айтуынша, үкімет қабылдап отырған шешімдері үшін жауапкершілігі мен өзінің дербестігін күшейте түседі, ал парламент үкімет пен атқарушы органдардың жұмысына бақылауды күшейтуде жаңа өкілеттіктер алады.
«Саяси жүйе демократиялықтың дәрежесін арттырып және орнықты бола түседі. Сонымен қатар Қазақстанның базалық іргетасы басқарудың президенттік формасы болып қала береді. (...) Билік бұрынғыдан да баланстандырылған, икемді және тиімді бола түседі. Қабылданып отырған өзгерістер өз болмысы жағынан жүйелі, ол қоғамда кеңінен талқыланып, мақұлданды. (...) Жаңартылған Конституция  - біздің уақыт талабына деген жауабымыз», - деді президент.
Еске салсақ, Н. Назарбаев жұма күні «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Өзгерістердің негізгі мәні – билік тармақтарының арасындағы бірқатар өкілеттікті президенттен үкімет пен парламентке беруде. Негізгі түзетулер арасында: парламент үкімет жұмысына бақылау жүргізуде қосымша өкілеттік алады; үкімет қолданыстағы Конституцияда қарастырылғандай, президент алдында емес, жаңа сайланған парламент алында өз өкілеттігін тапсырады; президент заңдық күші бар жарлықтар қабылдаудан бас тартады.

adimage