Үкімет коронавирус салдарынан алдын алу шараларын жүзеге асыруға кірісті – Тоқаев

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан алдын алу шараларын жүзеге асыруға кіріскенін айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп атады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кірісті. Қоғамдық шаралар кейінге қалдырылады. Азаматтарды азық-түлікпен және алғашқы қажеттілік тауарларымен қамту үздіксіз жүргізілетін болады. ШОБ шығынға ұшырамауы маңызды. Бастысы – азаматтарымыздың денсаулығын қорғау. Бірге (#Birge) біз бәрін де еңсереміз», - деп мәлімдеді Тоқаев бейсенбі күні.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 119 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,2 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусты пандемия сияқты сипаттауға болады деп мәлімдеді.

adimage