Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзеннің даму мәселесін үкімет шешуге міндетті деп санайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қала тұрғындарын жұмыспен, баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – негізгі міндет. Бұл мәселе бойынша Үкімет кешенді жоспарын әзірледі. Оны міндетті түрде жүзеге асыру керек», - деді Тоқаев жұма күні Маңғыстау облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесуде.
Сонымен қатар, Ақтау қаласына Жаңаөзеннен келген адамдарды жұмыспен, тұрғын үймен және жатақханамен қамтамасыз етуді жалғастыру керек..
Еске салсақ, бұған дейін Жаңаөзен тұрғындары жалақысы жоғары жұмыс ұсынуды талап етіп көшеге шыққан болатын. Жалақысының көтерілуін және азаматтарға лайықты жұмыс талап еткен азаматтар өз сөздерінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың соңында республикалық БАҚ өкілдерімен сұхбат кезінде айтылған сөзіне сілтеме жасаған. Ол кезде Назарбаев Қазақстанда әйелі мен ері жұмыс жасайтын отбасының орташа жалақысы Т500 мың деген болатын. Ал ресми түрде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы Т42,5 мыңды құрады.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың заңсыз тарту фактісін анықтады
20 Қыркүйек 2024, 12:43 -
Тимур Әбілқасымов ҚНРДА төрағасының орынбасары болып тағайындалды
20 Қыркүйек 2024, 12:31 -
Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды
20 Қыркүйек 2024, 12:19 -
Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды
20 Қыркүйек 2024, 11:59