Киото хаттамасының орнына жаңа климаттық келісімді Парижде желтоқсан айында қабылдау жоспарланып отыр

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Киото хаттамасының орнына жаңа климаттық келісімді Парижде желтоқсан айында қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
«Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның Шекті Конвенциясы және Киото хаттамасы, сондай-ақ «жасыл экономикаға» көшу бойынша Тұжырымдама бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру аясында Қазақстан өндірістердің энергия тиімділігін арттыру, жаңартылмалы энергия көздерін енгізу және парниктік газдардың шығарылуын азайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Желтоқсан айында Парижде Киото хаттамасының орнына қабылдануы жоспарланған жаңа климаттық келісімде халықаралық деңгейде парниктік газдардың шығарылуын реттеуді күшейту, көміртектің шығарылуына стандарттар, технологиялық талаптар, квоталар енгізу және халықаралық жобаларды орындау кезінде шығарылуларды есепке алу күтілуде», - делінген үкімет басшысының сайтына бейсенбі жарияланған хабарда.
Осыған байланысты елдер 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі аралықта парниктік газдар шығарылуын шектеу және/немесе қысқарту бойынша ұлттық сандық үлесті реттемелеуші INDC (Intended nationally determined contributions) құжатын қабылдауы тиіс.
Кеңеске қатысушылар INDC жобасында 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарылуын 15% деңгейде шектеу және/немесе қысқарту бойынша шартсыз мақсатты, 2030 жылға дейін 1990 жылдың базалық көрсеткішінен 25% шартты мақсатты айқындады.

adimage