Алматы. 31 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан Коммунистік халық партиясынан (ҚКХП) президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов батыс елдерінің мәдени құндылықтарына қарсы тұруға шақырады.
«Біздің сайлауалды тұғырнамамыз батыстық жалған мәдени құнды¬лықтарды қабылдамауға негізделген.
Қазақстан халқы біздің ұстаным¬дарымызды қолдайды деп үміттенеміз!», - делінген сейсенбі күні мемлекеттік БАҚ-тарда жарияланған Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында.
Бұл ретте Т. Сыздықов батыс мәдениеті «қатерлі ісікпен» салыстырады.
«Азғын өмір сүру салты, есірткілер, киноблокбастерлер, фастфуд, мораль¬дық ұстанымдарды көзге ілмей-ақ жылдамдатып ақша табу – осылардың барлығы бүгінгі батыстық жалған мәдениет тудырған жаман індет», - деп ол қадап айтты. .
Тегінде, қазіргі батыстық мәде¬ниеттің тоқырауға ұшырауының басты мысалы ретінде кинематографты алуға болады. Кино Батыста негізгі өнер түріне айналды, батыс тұрғындары өмірінің барлық саласына әсер ете бастады. Бірақ фильмдердің мазмұны барлық батыстық қоғамды төменге қарай, яғни өзіне қанағаттанушылық тудырып, шыңырау түбіне сүйреуде, қарапайым адами құндылықтардан кері кетуде. Кинематографтың батыстық стандарттары зорлық-зомбылыққа және азғындыққа негізделген. Осыдан келіп дөрекі күшті, жағымсыз кейіп¬керлердің өздерінің дегенін істеу құқын романтикаға айналдыру туады. Батыстық кинематограф зорлық-зомбылыққа деген ұмтылысқа итер¬мелейді, сөйтіп оны адамның ойына келмейтіндей эстетикаға ұластыруға тырысады», - деп түсіндіреді ол.
«Батыс мәдениетінде өзінің маңыздылығын жойған әдебиеттің басында да дәл осындай жағдай. Ол кинематографтың ықпалына түсіп, зорлық-зомбылықты және жалпы қоғамдық әрекетсіздікті үгіттеуде. Оның интеллектуалдық және эстетикалық деңгейі өте төмен, ал мо-ральдық тұрғыдан бұқараны азды¬рудың, іріткі салудың құралына айналды. Батыста жарыққа шығатын кі¬таптардың көпшілігін жазу үшін ақылдың да, ерекше әдеби дарынның да, күштің де қажеті шамалы. Бұл шығармалардың мазмұнына қара¬ғанда мораль тұрғысынан қауіпті шатпақтардың авторларына кәдуілгі көкейге қонымды ақылдың өзі қажет етілмейді. Кітаптар әдеби шығармашылықтың өлшемдері бойынша емес, қаржылық табысы, газеттердегі дүрлігу, автор¬дың әлеуметтік мәртебесі, тағы бас¬қалар арқылы бағаланады. Ешқан¬дай мәдени құндылығы жоқ, адам бойында жарқын сезім туғыза алмайтын жербауырлаған әдебиет алдыңғы қатарға шығып алды. Нарықтық баға эстетикалық бағаны ысырып шығарды. Шығар¬машылық тұлғаның ауқымы алдың¬ғыларымен салыстыру арқылы емес, оның нарықтық табысы арқылы айқындалатын болды. Мәдени шығармаларға эстетиканы, моральды, ағартушылықты және гуманизмді басшылыққа алмайтын батыстық масс-медианың жалған сарапшылары төреші болды. Батыста барлық істі бизнесмендер мен масс-медиа өкілдері өз қолдарына алған кезде дарын мен жұмыс қабілеттілігі ысырылып, артта қалды. Терең, ойлы шығармалар ешкімге қажетсіз болып қалды. Оларды шынайы рухани құндылықтармен ешқандай байланысы жоқ комикстер, спецификалық жалған әдебиет ауыстырды», - дейді ол.
«Батыстық мәдениетте көбіне даралануға ерекше мән беріледі. Адамның барлық іс-әрекеттері өзіне бағытталған. Адамның социумнан тыс өзін өзі дамытуға қабілетсіздігі, тиімді еңбек атқара алмайтындығы белгілі болса да, қоғам үнемі тыс¬қары қалып отыр. Эгоцентристік даралық жаңа батыстық дәстүрдің ізін жалғастырушылардың мінез-құлқындағы басты сипаттың бірі болып саналады. Тұрмыстық мәдениетте фаст-фуд тұрпайы индивидуализмнің нағыз сыйықсыз түріне айналды. Өкінішке қарай, батыстық бұл термин барлығына таныс болды. Осындай тағамдарды пайдалану ұрпақтың генотипіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Тұтастай алғанда, бұдан барлық Батыс зардап шегуде – семіздік, қандағы қант мөлшерінің ұлғаюы, жүрек аурулары, көру, есту, қозғалыс органдарындағы ақаулар. Мұның бәрі фаст-фудтың шірік залалдары. Батыстық тағамдар – гамбургерлер, хот-догтар, картоп фриі, газдалған сусындар мен осы сияқты тамақтардың калориясы жоғары, құрамында май мен қант өте көп мөлшерде. Батыстық тез тамақ дайындайтын өндіруші алпауыттар өздерінің рецептерін қатаң құпияда ұстауы тегін емес. Егер қарапайым адамдар рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдермен тіпті жеуге жарамсыз тамақтардың фаст-фудты дайындауда қолданылатынын білсе, олар бұдан бас тартар еді. Мұндай тағамның пайдасы оның сыртқы сипаты мен жасанды дәміне бағытталған. Гамбургерді ықыласпен жейтіндердің одан алатын барлық калориялары ешқандай пайда әкелмейді. Керісінше, артық май жиналуына әкеледі.
Батыстық қоғамға фаст-фуд мәсе¬лесінің ішімдік пен темекі проблемаларымен қатар тұратындығын объективті түрде мойындау қажет. Айырмашылығы сол – темекі мен ішімдік жапсырмаларымен салыстырғанда фаст-фуд пакет¬терінде денсаулыққа зиян келті¬ретіні ескертілмейді. Бұл батыстық мәдениеттің құлдырауына әке¬леді, батыс қоғамын түрлі вирус-тық патологиялық ауруларға шалдық¬тырады, адамгершіліктен ада болу, қарапайым этикалық нормаларды жоғалтуға соқтырады. Болашақта фаст-фуд индустриясы мен ойын-сауық саласының заманауи үрдістермен дамыған жағдайында келешек батыс ұрпағын күрделі мәселелер – семіздік, емі жоқ аурулар, мәдени тығырық және т.б. күтуде», - деп жалғастырады ойын коммунист. Сонымен қатар ол адамзатты құтқаратын идея тек коммунистік идея деп есептейді.
«Адамзатты түрлі халықтардың, адам мен табиғаттың мүдделерін тең дәрежеде үйлестіретін даму үстіндегі коммунистік идея ғана құтқара алады», - деп ол қадап айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46