Коронавируспен күреске Қазақстан үкіметінің қорынан Т3,5 млрд бөлінді

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Коронавируспен күреске Қазақстан үкіметінің қорынан Т3,5 млрд бөлінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қажетті медициналық дәрі-дәрмекті, сондай-ақ масканы, тепловизорлар мен коронавирустың таралуына – денсаулық сақтау министрлігінің індетпен күрес  жүргізуіне қажет басқа да құралдарды сатып алуға үкімет қорынан қаражат бөлінді. Шамамен Т3,5 млрд. бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігі бақылайды», - деді сәрсенбіде мәжіліс кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смаилов журналистерге берген жауабында.
Еске салсақ, 2019 жылғы желтоқсан айының соңында Қытайда белгісіз 2019-nCoV вирусы тудырған пневмонияның өршуі тіркелді. Соңғы ақпар бойынша 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғандар саны – 20 623 адам, ажам құшқандар саны – 427.
30 қаңтарда хабарлағандай, Қазақстан Қытаймен автобус тасымалын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойызын (1 ақпаннан бастап) және әуе хабарламасын (3 ақпаннан) бастап уақытша тоқтатты.
2 ақпанда белгілі болғандай, Қазақстан Ухандағы барлық азаматын елге жеткізген. Сонымен қатар, Қытайдан қазақстандық тарап Қырғызстанның, Беларусияның, Арменияның азаматтарын да эвакуациялаған. Бұдан басқа Қазақстан Қытайға медициналық дәрі-дәрмек түрінде 13,6 тонна гуманитарлық көмек жеткізген.

adimage