Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Латынша қазақ әліпбиінің ұсынылған нұсқасы қазақ тілінің дыбыс қатарын толығымен қамтыған, деп есептейді Ш. Шаяхметов атындағы Республикалық тіл дамыту әдістемелік-үйлестіру орталығының директоры Ербол Тілешов.
«Біз қазір айтып отырған әліпби нұсқасы, оны біз негіз ретінде аламыз – ол қазақ тілінің дыбыстық қатарының барлық гаммасын көрсетеді, барлық қазақ дыбыстары жиналған», - деді Е. Тілешов сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол әліпбиде қазақ тілімен басқа тілдерден алған дыбыстар да сақталғанын айтты.
«Біздің әліпбиде «Ц», «Ф», «В» әріптері сақталды. Олар орыс әріптері, бірақ орыс тіліне олар да неміс және француз тілдерінен енген дыбыстар. «Футбол», «цирк» деген сөздер де орыс сөздері емес қой. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Кемаль Ататюрк әліпби негізінде латыншаны қабылдағанда оларда кейбір етене түркі дыбыстары жоғалып кетті, қазір олар сол дыбыстарды ұмытып та кетті. Бізде ондай проблема аталған нұсқада жоқ. Кезінде Ахмет Байтұрсынов қазақ әліпбиінде шеттілдерінің дыбыстарының сақталуы үшін күрескен. Қазір біздің тілімізде шамамен 10-12 мың шеттілдердің дыбыстары қолданылатын сөздері бар, оларды біз ғылыми терминологиядан қалай алып тастаймыз?», - деп есептейді Е. Тілешов.
Бұл ретте қазіргі заманға қазақ тіліндегі сөздердің шамамен 65% қазақи түркі сөздері, 35% - сырттан сіңген сөздер, сондықтан «әліпби, біріншіден, дыбыстық қатарын сақтауы керек, екіншіден – қазіргі заман шындығын ескеруі тиісті».
Сонымен қатар ол әліпбиде «Ю» және «Я» деген әріптерді сақтаудың қажеті жоқ деп есептейді, себебі ондай дыбыстар жоқ.
«Ю» – дегеніміз «иу», «Я» – «иа». Сондай-ақ бізге «Ь» және «Ъ» дыбыстары керек емес, себебі біздің тілдің сингармонизмі бөлек», - деді Е. Тілешов.
Бірақ әліпби жұмыстары әлі аяқталған жоқ, деді ол.
«Егер ғылыми сипаттағы ұсыныстар келіп жатса, біз жекелеген әріптерге қайта оралуымыз мүмкін. Жұмыс тобы жұмысын жалғастыруда және олар ұсыныстардың қаншалықты негізі барлығын тексеруде».
Егер ұсыныстар бар болса, Е. Тілешовтың айтуынша, Ш. Шаяхметов атындағы Республикалық тіл дамыту әдістемелік-үйлестіру орталығына жүгінулеріңізге болады.
Бұрын хабарланғандай, қазақ тілінің латынша әліпбиі 25 дыбыс пен 8 диграфтан тұрады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46