Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Әлемдегі ағынды сулардың 80%-на дейін қоршаған ортаға тазартылмастан ағызылады, деп көрсетілген БҰҰ «Ағынды сулар: игерілмеген ресурстар» атты баяндамасында.
«Тазартылмастан қоршаған ортаға ағыза салатын су көлемі кіріс деңгейі әр түрлі елдерде – әр түрлі: кірісі төмен болған сайын, тазартылмастан ағызатын сулардың да көлемі үлкен. Жаһандық деңгейде ағынды сулардың 80% қоршаған ортаға тазартылмастан ағызылып жіберіледі», - деді Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының жаратылыс тану бөлімінің басшысы Кристинэ Товмасян жұма күнгі баяндамасында.
Бұл ретте баяндамада ағынды сулар бүгіндері ауыртпалық түрінде емес, экономикада пайдалануға жарамды құнды ресурс ретінде қарастырылуы керек делінген.
«Атап айтқанда баяндамада су тазартатын шағын құрылғылар орталықтандырылған тазарту қондырғыларынан суды сапалы тазартады, және де шығынды онша қажет етпейді, олардан тазартудан өткен су қайда пайдалануға, тіпті ішуге де жарамды екені айтылады», - деді К. Товмасян.
Бұл ретте ол су тазарту кез келген жағдайда инвестицияны қажет етеді деді. «Бірақ шығын халық денсаулығын қамтамасыз ету саласы мен экологиялық орнықтылық саласындағы артықшылықтармен орнын толтырады», - деп қадап айтты К. Товмасян.
БҰҰ-Қоршаған орта субаймақтық Кеңсесінің Орталық Азия бойынша басшысы Наталья Алексеева ағынды сулар биоотын мен биогаз өндіруге, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіруге, олардан азот пен фосфор өндіруге пайдалануға болатынын айтты.
«Ағынды сулар: игерілмеген ресурстар» атты баяндамасының таныстырылымы су ресурстарының дүниежүзілік күніне арналған.
БҰҰ 2016 жылы қабылдаған орнықты даму мақсатының 6.3 тармағы 2030 жылға қарай «суды ластауды азайту, ағынды суларды болдырмау және қауіпті химиялық заттар мен материалдарды тастауды азайту арқылы су сапасын жақсартуды, тазартылмаған ағынды су көлемін екі есеге азайтуды және оны қайта пайдалануды арттыруды және оны жаһандық көлемде қауіпсіз пайдалануды» талап етеді.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29