Әлемнің күшті 126 армияларының рейтингінде Қазақстан 53-ші орын алды

Күні: 12:19, 26-07-2016.

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Әлемнің күшті 126 армияларының Global Firepower рейтингінде Қазақстан 53-ші орын алды.
Жаһандық рейтингінде Қазақстан 0,8722 балл алып, өзінің былтырғы көрсеткішін 13 тармаққа жақсартты.
ТМД елдерінің арасында Украина рейтингте 30-шы орында, Өзбекстан – 48-ші, Беларусь – 49-шы, Әзербайжан – 60-шы, Грузия – 80-ші, Түркменстан – 86-шы, Армения – 94-ші, Литва – 97-ші, Латвия – 103-ші, Эстония – 109-шы, Кыргызстан – 110-шы, Таджикистан – 112-ші орында.
Рейтингтегі алғашқы үш орынды АҚШ, Ресей, Қытай алса, соңғы орындарда - Намибия, Сомали және Орталық Африка Республикасы.
Рейтинг тек қару-жарақ санын ғана ескермейді, ол олардың сан алуандығына қарап, әр түрлі 50 факторды есепке алады. Ол шағын болса да техникалық жағынан жақсы жабдықталған армиялардың аса ірі армиялармен бәсекелес болуына мүмкін береді.


Жаңалықтармен бөлісу: