Лондондағы Биг-Бен қоңырауы 4 жылға өшіріледі

Күні: 10:17, 15-08-2017.

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Келесі дүйсенбіде атақты Биг-Бен қоңырауы 2021 жылға дейін, британиялық парламенттің ең атақты мұнарасында жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары аяқталмайынша үнсіз болады, деп хабарлады ВВС Орыс қызметінен.
«21 тамызда тал түсте Биг-Бен соңғы рет үн шығарады. Осыдан соң оны сағаттан ажыратып, сағаттың өзі мен мұнарада жөндеу жұмыстары басталады. Сағатты бөлшектеп, ал төрт циферблатты тазартып, қайта қалпына келтіреді», - делінген хабарда.
Парламент өкілдерінің айтуынша, сағат сонда жұмыс жасайтын жұмысшылардың қауіпсіздігі мақсатында тоқтатылады. Бірақ жөндеу жұмыстары барысында қоңырау ерекше жағдайларда қысқа мерзімге қосылып тұрады, мысалы, Жаңа жыл түнінде немесе Әруақтарды еске алу күнінде қосылады.
Қалпына келтіру жұмыстарының ең басты сәулетшісі Адам Ватробски ВВС-ге айтып бергендей, жұмыс аяқталған соң мұнарада лифт, жаңа дәретхана мен асхана пайда болады екен.
Хабарда айтылғандай, сағаттың ең басты тетігінге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда оның тілдері уақытша орнатылған электр моторы арқылы жылжып отырады.
Биг-Бен – парламент отыратын Вестминстер сарайындағы мұнараның аты емес, уақытты көрсетіп тұратын үлкен сағат қоңырауының бейресми аты. Мұнараның өзі болса бір ғасырдан астам атсыз болған, бірақ 2012 жылы британиялық королеваның билігінің 60 жылдығының құрметіне мұнараға Елизавета есімі берілді.  
Сарайдағы аты онша атақты емес, бірақ биіктеу екінші мұнараның аты Виктория король әйелдің атында.
Орасан зор 4 циферблаты бар сағат мұнарасы – Лондонның ең атақты символы және Британия астанасының ең жиі суретке түсірілетін көзге көрінерлік нысаны.
«Ұлыбритания астанасының мұнарасына 150 жылдан асты. Оның сағаттары 5 монархтың және 23 премьер-министрдің билігіне куә және де екі дүниежүзілік соғысты бастан кешкен. Тіпті екі ай бойына Британия астанасына немістердің бомбалары түсіп жатқанда Биг-Бен бір сәтке де тоқтамай, дәстүрге сенімділігін танытып, ағылшындардың рухын көтеріп отырды», - деп хабарлады ВВС Орыс қызметі.  
Соңғы рет қоңырау қысқа мерзімге 2007 жылы тоқтады, ал оның алдында 1983-1985 жылдары қалпына келтіру жұмыстары кезінде тоқтады.


Жаңалықтармен бөлісу: