Ұлттық банк долларға қатысты теңге бағамының тербеліс шегін $1-ға т198-ге дейін көтерді

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ - Данияр Дәуірәлиев. ҚР ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының тербеліс дәлізін Т185 (+Т13, -Т15) аралығына дейін кеңейтті, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Алда да бағамның икемді және ырғақтылығын қамтамасыз ету мақсатында алдағы орта мерзімдік инфляциялық таргеттеуге өту аясында Ұлттық банк айырбас бағамының тербеліс дәлізін қазіргі 185 (+3, -15) – тен Т185 (+Т13, -Т15) аралығына дейін кеңейту туралы шешім қабылдады», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.  
«Біз былтырғы ақпан айында бекітілген алдыңғы дәліз, одан кейінгі қыркүйекте енгізілген түзетулер теңгені нығайту бағытында болды, ал жалпы алғанда, ұзақ уақыт қызмет етті, және қабылданатын жаңа дәліз қазіргі ырғақты саясатты сақтағанда, бұл да бізге ұзақ уақыт қызмет етеді деп есептейміз», - деді ол.  

adimage