Ұлттық банк онлайн компаниялардың әрекеті бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу мүмкіндігін талдауда

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – Онлайн компаниялардың Кодекс ережелерін теріс пайдалануын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта Ұлттық Банк заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігін талдауда, деп хабарлады ҚРҰБ баспасөз қызметінен.
«Онлайн компаниялардың Кодекс ережелерін теріс пайдалануын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта Ұлттық Банк заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігін талдауда», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, сонымен қатар бүгінгі күні жекелеген онлайн компаниялар азаматтардың жеткіліксіз қаржылық сауатсыздығын, сондай-ақ қарыз алушылардың мұқият көңіл аудармайтындығын пайдаланып, шартта қарыз алушы есебінен негізсіз баюға мүмкіндік беретін талаптарды көздейді.
«Мәселен, қарыз шартында ұсынбағаны үшін айыппұл салынатын, қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету бойынша кепілгер немесе бірнеше кепілгер туралы деректер ұсыну қажеттілігі туралы талап көзделеді; әлеуетті клиенттерді табатын үшінші тұлғалардың қызметтері үшін қарыз алушыдан комиссия алады, онлайн компаниялар үшін қарыз шартын ресімдейді», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, қазіргі кезде Ұлттық Банк қарыздарды, оның ішінде онлайн режимінде беретін және банктер мен МҚҰ-ға жатпайтын кредиторлардың қызметін реттемейді.
«Қарыз алушылар онлайн компаниялардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымдармен сотқа жүгіне алады», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, онлайн компаниялардың қарыз алушыларын қорғау мақсатында Кодексте жеке тұлғаларға берілетін қарыздар бойынша мына негізгі шектеулер қарастырылған талаптар (Кодекстің 718-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 725-1-бабы) көзделген.
«Қарыз шартында қамтылуға тиіс қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 100%-дан аспауға тиіс; төлемнің мерзімін өткізгені үшін тұрақсыздық айыбының мөлшері мерзімін өткізудің әр күні үшін мерзімі өткен төлемнің сомасынан 0,5% аспауы, бірақ берілген қарыз сомасынан жылына 10%-дан аспауға тиіс; қарыз бойынша артық төлемнің шекті мөлшері берілген қарыздың сомасынан аспауға тиіс; осы шектеулер, сондай-ақ Кодекстің 725-1-бабы 1-тармағының өзге талаптары сақталмаған жағдайда, қарыз шарты маңызсыз деп танылады», - делінген хабарда.
Кодекстің 725-1-бабының талаптары 2018 жылғы 16 шілдеде қолданысқа енгізілгеніне және осы шектеулер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қарыз шарттарына қолданылмайтындығына назар аударамыз.

adimage