Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің төңірегіндегі ахуал туралы

                 Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің төңірегіндегі
                                                                          ахуал туралы
                                                                      мәлімдеме


2016 жылы 12 қаңтарда түнде Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ агенттігінің басшылығының үйіне Алматының мемкіріс департаментінің аудит басқармасынан қоңырау шалды. Салықшылар бірден Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ агенттігін кешенді тексеруге кірісетінін жеткізді. Кімнің шағымы немесе арызы бойынша тексеруге кірісіп жатырсыздар деген сауалға олар, тексеруге түрткі болған Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі екенін айтты.

2016 жылы 13 қаңтарда Ұлттық баспасөз клубы Алматының мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау (МСҚБ) басқармасы тарапынан көптеген отандық және шетелдік журналистерге танымал болған Фурманова 122 мекен жайында орналасқан баспасөз-клубы мен ақпараттық агенттік орналасқан ғимарат сейсмоқауіпті болып табылатындығы, және ол ғимараттың 3-4 қабаттары бұзылып тасталуы тиістілігі туралы сот шағымын алды. Айта кетерлігі, шағым «Сақтар» ПИТК төрағасы Тұтқышбаева Ж.М. дегеннің 2016 жылғы 12 қаңтардағы Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының үстіне қосымша салынған қабаттардың заңдылығын тексеру туралы өтінішінің негізінде беріліпті.

Біздің ғимарат 2005 жылы қайта құрылып, ал 2006 жылы мүліктерді заңдастырудың бірінші науқаны аясында МСҚБ мен басқа да меморгандардың комиссиялық қабылдауынан өткенді. 2007 жылы қайта жөнделген ғимаратты қабылдау туралы Алматы әкімшілігінің қаулысы шықты. 2016 жылғы жағдай бойынша ғимарат тамаша күйде тұр. Бірақ МСҚБ заңды белшесінен басып, шұғыл әрекеттерді танытып жатыр. Белгілі болғандай, МСҚБ мұрағаттан мүлікті заңдастыру бойынша қалалық комиссияның 2007 жылғы құпия құжаттарын тауыпты. Заң бойынша мүлікті заңдастыру жөніндегі қалалық комиссияның шешімі қайта қаралмайды, бірақ ел президентінің жарлығына қарамай, МСҚБ сотқа шағым беріп отыр.

2016 жылы 14 қаңтарда Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мұрындығымен қалалық прокуратураның қолдауы арқасында Медеу аудандық соты Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ-тың қаржылық құжаттарын алу туралы қаулы шығарады. Сол күні қызмет көрсетіліп отырған банктегі есептік-кассалық құжаттарды алу туралы сот қаулысы қабылданады. Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бізді 2011-2015 жылдары мемлекеттік ақпараттық саясатты баяндау аясында бюджет қаражатын жымқырған деп айыптай бастады.
Біз заң бұзбағанымызды және бюджет қаражатын жымқырмағанымызды ашық жариялаймыз. Ұлттық баспасөз клубы БАҚ арқылы мемлекеттік саясатты ақпараттық баяндау жөніндегі тендерлерге қатысқан жоқ, және бюджет қаражаты ҚР қаржы министрлігінің қазыналық Комитеті арқылы оның есеп айырысу шотына келіп түскен жоқ. Шын мәнісінде ҚазТАГ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен келісімшарт жасап, мақсат бойынша алынған және пайдаланылған қаражат үшін толығымен есеп берген. 18 қаңтарда біз Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне барлық құжаттарды (келісімшарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыс актілері) бердік.

2016 жылғы 20 қаңтардан бастап бұрынғы қаржы полициясындағылар бізді күндіз-түні сырттан бақылауға кірісті, тіпті балабақшаға барып қайтқанда да бақылап жүрді. Біз өзімізді сырттан бақылауға алған оперативниктерді бейнетаспаға түсіріп, олардың кім екендерін, автомашиналарын және мемлекеттік номерлерін анықтадық. Сондай-ақ біз қаржы полициясындағылар біздің телефондарымызды астыртын тыңдайтындығын және компьютерлердегі хаттарымызды ашып оқитындығын анықтадық. Біз өзімізге Өскемен мен Қостанайдан келген пошталарымыздың ашылғанын анықтадық. Бұл туралы бізді Google-нің сервистік қауіпсіздік қызметі құлағдар етті.
2016 жылы 10 ақпанда Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ұлттық баспасөз клубы мен «Қазақтелеком» АҚ 2011-2013 жылдары мемлекеттік қаражатты жымқырған деген айыппен жаңа қылмыстық іс ашты. Бұл ретте Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бірнеше рет жұмсақ түрде, ал көбінесе қорқытуға тырысып бізге толығымен айыпты мойнымызға алып, шығынның орнын толтырып, тек сондай жағдаймен қылмыстық жауапкершіліктен босататындығын ұсынды. Біз ешқандай да мемлекеттік қаражатты жымқырмағанымызды, пара бермегенімізді және «откат» деп аталатынды ешкімге бермегенімізді мәлім етеміз.
Осы әрекеттердің нәтижесінде қазір Қазақстан журналистер одағының, Ұлттық баспасөз клубының және ҚазТАГ-тың жұмысы тоқтап қалды. Қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ақпараттық агенттіктің іскерлік беделіне айтарлықтай нұқсан келтірілді.
Біздің дереккөздеріміздің мәліметтерінше, қаржы полициясының бұл операциясы 2015 жылғы қазан айында басталған. Біздің қарсыластарымыз жоғарғы мемлекеттік шенеуніктерді Қазақстан журналистер одағы, Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ ақпараттық агенттіктері бүлдіргі жұмыс жасап жүр деп сендіріп тастапты. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бұл заңға қайшы әрекеттерін біз мемлекеттік органдардың мемлекеттік емес бірлестіктер мен БАҚ-қа қысымы, журналистердің кәсіби жұмысына кедергі келтіруі, сөз бостандығын шектеу, ақпаратты кедергісіз алу мен таратуға тосқауыл қою деп бағалаймыз.


Сейтқазы Матаев,
ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің журналистер одағы Конфедерациясының вице-президенті, Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы, қоғамдық «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.


Әсет Матаев
ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры

adimage