Ұлттық баспасөз клубын қиратуға қол жеткізген рейдерлер мемлекетке зиян келтіруде - БАҚ

Күні: 16:23, 04-10-2016.

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының сүрілуіне қол жеткізген рейдерлер мемлекетке зиян келтіруде, деп хабарлады «Диалог» орталықазиялық ақпараттық порталы.  
«Ғимараттың алдымен жоғарғы екі қабатын бұзып, сосын оны мемлекетке кіріс ретінде алуының өзі ақымақтықты білдіреді. Егер бәрі сәулет және қала құрылысы нормасы бойынша жақсы болса, онда үйді бір минуттық ойға жүігініп, бұзудың қажеті не еді, себебі осылайша енді мемлекеттік меншігіне айналған мүлікке зиян келтірілді емес пе? Мүмкін рейдерлер өз күштерін осылай көрсеткен болар, алайда тағы да олардың ақыл есінің дұрыстығы туралы мәселе туындайды, осы сөздің кең мағынасында. Тіпті барлығы стратегия туралы ұмытып, шұғыл түрде нәтижесін сұрағанда да алдымен миды жұмыс істету керек емес пе», - делінген сейсенбідегі жарияланымда.  
Бұл ретте, атап өтілгені, Ұлттық баспасөз клубында Дариға Назарбаеваның да баспасөз-мәслихаттарын өткізгені.  
«Фурманова 122-де орналасқан бұл үйді Сейтқазы мен Әсеттің үстінен сот процесі басталған күні қирата бастады. Болып жатқанның кездейсоқ екеніне ешкім сенген жоқ.  Ал бұл екі қабат па, төрт қабат па үлкен ғимарат журналистік цехтың өзіндік бір туы болатын, және оны арсыз түрде бұзылғанына қарамай ол мінәжат ететін орындай еді.   Мұнда өзіне  рақымшылық жасалған соң Мұхтар Әблізов та баспасөз-мәслихатын өткізіп, ЖСДП партиясының әлсіздігіне шағымданды, мұнда Дариға Назарбаева да қайырымдылық қорына өз қамқорлығын  білдірді, лық толы бөлмеде Паола Колью де оған табынушыларының сұрақтарына жауап берді», - деп еске салады басылым.  


Жаңалықтармен бөлісу: