Лукашенко келісімдер бұзылған жағдайда Беларусьтің ЕАЭО-дан шығатынын жоққа шығармайды

Күні: 15:44, 29-01-2015.

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – БР президенті Александр Лукашенко келісімдер бұзылған жағдайда Беларусьтің Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) шығатынын жоққа шығармайды, деп хабарлайды БЕЛТА.
«Лукашенко келісімдер бұзылған жағдайда Беларусьтің Еуразиялық экономикалық одақтан шығатынын жоққа шығармайды. Ол туралы президент журналистермен өткен ашық диалог кезінде мәлімдеді», - делінген жариялымда.
Мұнымен қатар А. Лукашенко ЕАЭО жағдайында сауда соғыстарының болмауы тиіс екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанадағы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында ЕЭО құру туралы келісімге қол қойды.
2014 жылдың қазанында одаққа қосылу туралы келісімге Армения қол қойды. Және 2014 жылдың 23 желтоқсанында ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы келісімге қол қойылды.
2015 жылдың 1 қаңтарында ЕАЭО туралы келісім өз күшіне енді. 2 қаңтарда ЕАЭО-ға Армения қосылды. Келесі қатысушы Қырғызстан болмақ. Республика 2015 жылдың 1 мамырында одақтың мүшесі атанады деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: