Мәдениет министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясын ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткіштері тізіміне енгізуге сұраным берді

Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР мәдениет министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясын ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткіштері тізіміне енгізуге сұраным берді, деп мәлім етті ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Әрине, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды тамаша институтты ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткіштері тізіміне енгізуге сұраным береміз. Біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемдік өркениет игілігіне лайықты», - деді А. Мұхамедиұлы жұма күнгі брифингте.
Бұл ретте ол Қазақстан халқы Ассамблеясы ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткіштері тізіміне ене алатынын атап кетті.
«ЮНЕСКО-ның көптеген бағыттары бар, оның ішінде материалдық мәдени мұрамен қатар тарих ескерткіштері сынды атаулары да бар», - деп түсіндірді А. Мұхамедиұлы.

adimage