Мұнай компаниялары баррель бағасының $40 болатынына дайындала бастады

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Мұнай компаниялары баррель бағасының  $40 болатынына дайындала бастады, деп хабарлады РБК.

«Ресейдің ең консервативті мұнай компаниясы   – «Сургутнефтегаз» мұнай бғасының төмендеуіне байланысты өзінің инвестициялық бағдарламасын қайта қарауға дайын. «Роснефть»  баррель бағасы  $40 жағдайындағы жұмыс бойынша стресс-тест өткізді.  Ал оның бәсекелестері жыл басынан бері ағымдағы жағдайды ай сайын жоспарлауға көшіп кетті. Тіпті шенеуніктер де бағдарламаны өзгертуге мәжбүр, олар Ресейдің Энергетикалық стратегиясын қайта жазып жатыр», - делінген мақалада.

Өткен аптада Орталық банк төрағасының орынбасары Ксения Юдаева мәлімдегендей, ОБ мұнай баррелінің бағасы  $40 болған жағдайдағы даму стратегиясын қайта қарап жатыр.  Ал «ЛУКОЙЛдың» қосалқы иесі Вагит Алекперов аз уақыт ішінде  Brent маркілі мұнай баррелі бағасының $25 дейін түсуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша төменгі баға ғана емес, оның құбылу көлемі де маңызды.  

Мұнай бизнесі бойынша олардың әріптестерінің көбі мұндай мәлімдеме жасаудан қашып отыр, алайда жыл басынан бері жоспарларын ай сайын қарау режиміне өткен.  Атап айтсақ, «Газпром нефть» бас директоры Александр Дюков былтыр желтоқсан айында компаниясының бюджетті ай сайын жоспарлауға көшкенін және ағымдағы жобаларының баррель бағасының $40-50 жағдайында тұрақты екенін мәлімдеді. «Башнефть» те уақытша схема бойынша жұмыс жасайды. Алайда оған былтыр желтоқсанда комания меншігінің ауысуы себеп болған. Жаңа директорлар кеңесі енді 11 наурызда жиналады, олар жұмыс сцнариән қайта қарап, 2015 жылдың бюджетін бекітетін болады.  

Бұл ретте сарапшылар арзандаған баррелдің тек мұнайды өндіру қиын кен орындарындағы жұмыс пен инвестиция көлемінің қысқаруына ықпал етуі мүмкін деп отыр. Ірі мұнай компаниялары тек әлі басталмаған жаңа жобаларын ғана тоқтатып қояды.  

adimage